Accessibility links

Энергетика вице-министрі Садыбеков екі айға қамалды


Астананың Алматы аудандық соты (Көрнекі сурет).
Астананың Алматы аудандық соты (Көрнекі сурет).

Астана Алматы аудандық № 2 соты жемқорлық ісі бойынша күдікке ілініп, ұсталған энергетика вице-министрі Ғани Садыбековті екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Садыбеков Щучинск-Бурабай шипажай аймағындағы көлді тазарту үшін мемлекет қазынасынан бөлінген бір миллиард теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.

Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ғани Садыбековпен бірге энергетика министрлігі қалдықтарды басқару департаментінің басшысы Жан Нұрбековтің де ұсталғанын хабарлаған. Ол да сот шешімімен екі айға қамауға алынған.

Бұл іске қатысты "Аймақ" мердігер ұйымының басшысы Д. Дуанбек те ұсталған. Соттың хабарлауынша, аталған ұйымның екі өкілі Серікбай Жұмалинов пен Бекзат Қадырберлин де тергеу ісі бойынша екі айға қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG