Accessibility links

Италияда "Бес жұлдыз" қозғалысы үкімет құруға дайын


"Бес жұлдыз" қозғалысының жетекшісі Лиуджи Ди Майо баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. 5 наурыз 2018 жыл.
"Бес жұлдыз" қозғалысының жетекшісі Лиуджи Ди Майо баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. 5 наурыз 2018 жыл.

Италияда парламент сайлауында көп дауыс жинаған популистік "Бес жұлдыз" қозғалысы үкіметті жасақтауға дайын. Бұл жайында 5 наурызда Римде өткен баспасөз конференцясында қозғалыс жетекшісі Луиджи Ди Майо мәлімдеді. Ол оңшыл центристік коалиция жинаған дауыс саны бойынша алда тұрғанымен, парламентте үкіметті жасақтауға қажетті орын иелене алмағанын айтты.

Ди Майо өз қозғалысының басқарушы партия ретіндегі легитимділігі анағұрлым жоғары, себебі "бүкіл Италияның атынан сөйлей алады" деп біледі. Ди Майо "Бес жұлдыз" қозғалысы үшін бұл сайлаудың нәтижелері Италияда жаңа саяси кезеңнің басталғанын білдіретінін айтады.

Италияда парламент сайлауы 4 наурызда өтті. Соңғы мәлімет бойынша, дауыс саны жағынан Маттео Сальвинидің "Лига" партиясы және экс-премьер Сильвио Берлусконидің "Италия, алға" партиясы басқа ұсақ партиялармен бірге құрған оңшыл центристік коалиция 37 пайыз жинап алда тұр. "Бес жұлдыз" қозғалысы 32 пайыз дауыс жинады. Іс басындағы Демократиялық партия 20 пайыздан аз дауыс жинап, үшінші орында тұр. Бір де бір партия парламентте көпшілік орынға ие болып, үкіметті жасақтауға қажетті 40 пайыздық межеден аса алмады.

XS
SM
MD
LG