Accessibility links

БАҚ: Трамп Асадқа қарсы әскери іс-қимылды талқылады


Шығыс Ғутада үйлерін тастап кетіп бара жатқан сириялықтар. Сирия, 4 наурыз 2018 жыл.
Шығыс Ғутада үйлерін тастап кетіп бара жатқан сириялықтар. Сирия, 4 наурыз 2018 жыл.

АҚШ президенті әкімшілігі Сирияда химиялық қару қолданылған болуы мүмкін екеніне байланысты Сирия билігіне қарсы әскери соққы беру жайын талқылап жатыр деп хабарлады америкалық Washington Post газеті.

Басылым дерегінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияда хлор қолданылған болуы мүмкін деген тұжырымнан соң шабуыл жасау мүмкіндіктерін зерттеуді сұраған. Кейбір мәліметтер бойынша, биыл Сирияда бейбіт тұрғындарға қарсы кем дегенде жеті рет улы зат қолданылған.

Америкалық шенеуніктер Washington Post басылымына Трамптың өткен апта басында Ақ үй аппаратының басшысы Джон Келли, президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Герберт Макмастермен және қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен Сириядағы жағдайды талқылағанын хабарлады.

Басылым Трамп әзірге әскери шара қолдануды талап етіп отырмағанын айтады. Кездесуге қатысқандар Сириядағы жағдайды бақылап отыруға келіскен.

Washington Post Ақ үйдегі талқылау Шығыс Ғута қоршауға алынған уақытта болғанын айтады. Шығыс Ғута аймағында 400 мыңдай халық тұрады. 2013 жылдан бері аймақты Сирияның демократиялық оппозиция күштері бақылауда ұстап тұр.

Ақпанның ортасында Башар Асадты қолдайтын күштер Шығыс Ғутаға әуе шабуылдарын бастаған. Бірнеше аптада шабуылдан 650-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты, олардың 150-ден астамы – балалар.

XS
SM
MD
LG