Accessibility links

Астана: Гарант елдер министрлері кездесуіне бақылаушылар келмейді


Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзі. 22 желтоқсан 2017 жыл.
Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзі. 22 желтоқсан 2017 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Астанада наурыздың ортасына жоспарланған Ресей, Иран және Түркия сыртқы істер министрлерінің Сирия бойынша кездесуіне бақылаушылар мен Сириядағы тараптардың ешқайсысы қатыспайтынын мәлімдеді.

"Астанадағы Сирия келіссөзі бойынша гарант елдерден түскен мәлімет бойынша, Иран, Ресей және Түркия сыртқы істер министрлері Астанада 16 наурызда кездеспек ниетте" делінген 6 наурызда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі сайтында жарияланған хабарламада. Астанадағы бұл жиында гарант елдер Сириядағы жағдайды реттеу бойынша өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылап, ары қарайғы іс-қимылды пысықтамақ.

Ал Түркия сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хами Аксой Түркия, Иран және Ресей сәуірде Сириядағы және аймақтағы дағдарысты шешудің қадамдарын талқылау үшін саммит өткізетінін мәлімдеді. Reuters-тің хабарлауынша, Хами Аксой бұған қоса Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу 12-14 наурыз аралығында Ресейге баратынын және 18 наурызда Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесетінін де айтты.

Қазақстан СІМ кездесуге БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура шақырылатынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG