Accessibility links

Жээнбеков: Дамирбек Асылбекуулу "ұшқалақтық танытқан"


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков БАҚ басшыларымен баспасөз конференциясында отыр. Бішкек, 6 наурыз 2018 жыл.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков БАҚ басшыларымен баспасөз конференциясында отыр. Бішкек, 6 наурыз 2018 жыл.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстанда ұсталған қырғыз депутаты Дамирбек Асылбекуулу "ұшқалақтық танытқанын" мәлімдеді. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Жээнбеков бұл жайында 6 наурызда Бішкекте БАҚ басшыларымен кездесуінде айтты.

Кездесуде журналистер президенттен Дамирбек Асылбекуулуның ұсталғанына қатысты пікірін сұраған. Жээнбеков Асылбекуулуның ұсталғанын "ауыр қабылдағанын" және Қазақстан оның ісін әділ тергейді деген үмітте екенін айтты. Оның сөзінше, Қырғызстан бұл мәселеде Қазақстанның ісіне араласпайды.

16 ақпанда Қазақстан бас прокуратурасы елдің оңтүстік облыстарында арнайы органдар "контрабанданың жолын кесу" операциясын жүргізгенін хабарлаған. Операция барысында 35 адам, оның ішінде депутат Дамирбек Алмасбекуулу бар, Қырғызстанның үш азаматы ұсталған. Кейін Қазақстан ішкі істер министрлігі Дамирбек Асылбекуулунда Қазақстан азаматтығы барын растаған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты кім еді?

19 ақпан күні Алматы соты 17 ақпанда Дамирбек Асылбекуулу мен Қырғызстанның өзге екі азаматын екі айға қамағаны хабарланған.

Оқи отырыңыз: Ұсталған депутаттың қос азаматтығы анықталды

Дамирбек Асылбекуулу - Қырғызстан парламентіне "Қырғызстан" фракциясынан сайланған депутат. Ол 2009-2010 жылдары да парламент депутаты болған.

XS
SM
MD
LG