Accessibility links

Флоридада оқытушылар қару ұстап жүру құқығына ие болмақ


Қару сатуға бақылауды күшейтуді талап еткен акция. Флорида, АҚШ, 17 ақпан 2018 жыл.
Қару сатуға бақылауды күшейтуді талап еткен акция. Флорида, АҚШ, 17 ақпан 2018 жыл.

Флорида штатының сенаты қару сатуға қосымша шектеу салатын щаң жобасын мақұлдады деп хабарлады ABC News.

Заң жобасында қару сатып алуға рұқсат берілетін ең төменгі жас мөлшерін 18-ден 21-ге дейін ұлғайту қарастырылған. Бұған қоса, егер құжат қабылданып жатса онда мектептегі кейбір оқытушылардың қару ұстап жүруіне рұқсат берілмек. Оқытушылар мұндай құқыққа ие болу үшін дайындықтан өтуі тиіс болады. Құжатта оқытушының сабақ кезінде сыныпта қару ұстап жүру жайы қарастырылмаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп қару сату кезінде тексеруді күшейтуді ұсынған. Бұған 14 ақпанда Флорида мектебіндегі атыс себеп болған. Атыстан 17 адам қаза тауып, 14 адам жараланған.

XS
SM
MD
LG