Accessibility links

Чехияда бұрын репрессияға қатысқан депутат отставкаға кетті


Прагада коммунист депутаттың қауіпсіздік күштері бас инспекциясы қызметін қадағалайтын парламенттік комиссияның басшысы қызметіне сайланғанына қарсы шеру. Чехия, 5 наурыз 2018 жыл.
Прагада коммунист депутаттың қауіпсіздік күштері бас инспекциясы қызметін қадағалайтын парламенттік комиссияның басшысы қызметіне сайланғанына қарсы шеру. Чехия, 5 наурыз 2018 жыл.

Чехия парламентіне Коммунистік партиядан сайланған депутат Зденек Ондрачек қауіпсіздік күштері бас инспекциясы қызметін қадағалайтын парламенттік комиссияның басшысы қызметінен кетті. Соңғы күндері Чехияның бірнеше қаласында мыңдаған адам наразылық танытып, Ондрачектің қызметінен кетуін талап еткен. Қарсылық білдірушілер Ондрачек 1989 жылы қарашада қауіпсіздік күштері арнайы жасағының қызметкері болғанында коммунистік режимге қарсы жастар демонстрациясын басып-жаныштауға қатысты дейді.

Зденек Ондрачек басқарған комиссия полиция, кеденшілер мен түрме қарауылдарының қылмысын тексеріп жатыр.

Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш 5 наурызда парламент 2 наурызда оның кандидатурасын қолдап дауыс бергеніне қарамастан Ондрачекті қызметінен кетірмей қоймайтынын мәлімдеген.

Депутаттың қайта сайлануы чехиялық коммунистердің парламент сайлауында жеңген, бірақ көпшілік орынға ие бола алмаған ANO партиясының ұсынысын қолдауымен байланысты болған. Чехияның коммунистік партиясы депутаттың парламенттік комиссия басшылығына сайланғанын ANO-ны қолдау деп есептейді. Бірақ партияның бұдан ары қарайғы ынтымақтастығына қатысты түпкілікті шешім келіссөзден соң қабылданады.

XS
SM
MD
LG