Accessibility links

Ресей тергеушілері: Ресей Сирияда әскери қылмыс жасады


Халықаралық Қызыл Крест ұйымының қызметкерлері шабуыл жасалып жатқан Шығыс Ғута аймағында көмек көрсетіп жүр. Сирия, 5 наурыз 2018 жыл.
Халықаралық Қызыл Крест ұйымының қызметкерлері шабуыл жасалып жатқан Шығыс Ғута аймағында көмек көрсетіп жүр. Сирия, 5 наурыз 2018 жыл.

БҰҰ тергеушілері Ресейдің былтыр қарашада Сирияда базар аумағына әуеден соққы жасалуына қатысы бар болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол шабуылдан 84 адам қаза тапқан еді. БҰҰ қасақана әуе шабуылынан осыншалықты бейбіт тұрғынның қаза табуын "әскери қылмыс" деп атауға болатынын айтады.

БҰҰ-ның тергеу комиссиясы өз есебінде Сирияда бейбіт тұрғындардың қазасына бірінші рет Ресейді тікелей кінәлап отыр. БҰҰ есебінде АҚШ бастаған коалиция 2017 жылы 20 наурызда Сирияның солтүстігінде жасаған әуе шабуылы кезінде нысананың координаттарын дұрыс анықтай алмағанын айтады. Ол кездегі шабуылдан мектепті паналаған 150 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Халықаралық коалиция Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен соғысып жатыр.

Тергеу тобы халықаралық коалиция нақты қандай нысанаға соққы жасайтынын анық білуі тиіс еді дейді. Нысана туралы нақты мәліметтің жоқтығынан коалиция әскері гуманитарлық құқықты бұзған. Коалиция әскерилер "мектеп ғимаратына жасырынды деген 30 жиһадшыны нысанаға алғанын" айтып, бейбіт тұрғындар қаза тапқан шабуылға жауапты екенін мойындаған.

XS
SM
MD
LG