Accessibility links

Сириядағы Ресей ұшағы апаты құрбандарының саны 39 адамға жетті


Ан-26 ұшағы.
Ан-26 ұшағы.

Ресей қорғаныс министрлігі Сирияда апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағында қаза тапқандар саны 39 адамға жеткенін хабарлады.

Mash телеграм-каналының мәліметінше, Ресей әуе ғарыш күштерінің 6-армиясына тиесілі Ан-26 ұшағы Алепподан Хмеймимге ұшып барғанда апатқа ұшыраған.

"Ұшақ Хмеймим аэродромына қонар кезде апатқа ұшырады. Бортта 33 жолаушы және экипаждың алты мүшесі болған", – деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі. Ұшақта сонымен бірге ресейлік әскери қызметкерлер де болған.

Министрлік өкілдері ұшақты атып түсірмегенін, апатқа техникалық ақау себеп болу мүмкін екенін айтады. Ресей ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімдерін әлі жарияламады.

Ресей тергеу комитеті ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғаған.

Биыл ақпанда Идлиб провинциясында ресейлік Су-25 шабуылдаушы ұшағы апатқа ұшыраған. Ұшқыш Роман Филипов катапультпен жерге қонған, бірақ ұрыс кезінде қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG