Accessibility links

Путин: Былтыр шетел барлауының 400 агенті әшкереленді


RUSSIA -- Russian President Vladimir Putin attends the All-Russia Forum of Young Workers in Nizhny Tagil in Sverdlovsk region, March 6, 2018
RUSSIA -- Russian President Vladimir Putin attends the All-Russia Forum of Young Workers in Nizhny Tagil in Sverdlovsk region, March 6, 2018

Ресей президенті Владимир Путин арнайы қызметтен саяси, экономикалық және қорғаныс саласына қатысты ақпарат алуды көздейтін шетелдік барлаушылардың жолын кесуді талап етті. Ол 6 наурызда Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) алқа жиынына қатысып, соңғы кезде елде шетел агенттерінің көбейгенін айтқан.

Путиннің сөздерінше, олар ең соңғы заманауи тәсілдерді қолданады.

Ресей президентінің мәліметіне қарағанда, былтыр шетелдік барлау қызметінің 72 қызметкері мен арнайы қызметтің 397 агенті ұсталған.

Осының алдында Владимир Путин ФСБ қызметкерлерін жаңа ойлап табылған ресейлік қаруды құпия сақтағаны үшін мақтаған. Ол жаңа қару туралы өткен аптада халыққа жолдауында жариялаған.

XS
SM
MD
LG