Accessibility links

Мәжіліс Ауғанстанға жүк тасымалдау келісімін мақұлдады


Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәжілістегі жиыннан соң журналистер сауалдарына жауап беріп тұр. Астана, 7 наурыз 2018 жыл.
Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәжілістегі жиыннан соң журналистер сауалдарына жауап беріп тұр. Астана, 7 наурыз 2018 жыл.

Парламент мәжілісі 7 наурызда Ауғанстанда тұрақтылық орнату және қалпына келтіруге қатысты Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы Қазақстан аумағы арқылы теміржол арқылы коммерциялық транзиттік жүк тасымалдау туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялады.

Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мәжілісте Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов таныстырды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Әбдірахманов Ауғанстанға тасымалданатын транзиттік жүктің тарифі Қазақстан арқылы басқа бағытта тасымалданатын халықаралық жүк транзиті тарифтерімен бірдей екенін айтты. Келісім бойынша, транзиттік жүк Қазақстанның Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданады.

Әбдірахманов заң жобасын таныстыру кезінде Қазақстан Ауғанстанға осы кезге дейін 50 миллион доллардың көмегін көрсеткенін, оның ішінде мектеп, көпір, жол салғанын және Қазақстанда ауғанстандық бір мың студент оқығанын айтты.

XS
SM
MD
LG