Accessibility links

Астанадағы саммитке Түркіменстан басшысы делегация жібермек


Акджа Нурбердыева, Түркіменстан парламентінің төрайымы.
Акджа Нурбердыева, Түркіменстан парламентінің төрайымы.

Астанада 15-16 наурызда өтетін Орталық Азия (ОА) елдері басшыларының саммитіне Түркіменстан атынан осы ел парламентінің төрайымы бастаған делегация келеді деп хабарлады Азаттықтың Түркімен редакциясы.

Түркіменстанның мемлекеттік ТДХ агенттігінің хабарлауынша, 5 наурызда президент Гурбангулы Бердімұхамедов Меджлис төрайымы Акджа Нурбердыева бастаған делегацияны Астанада өтетін саммитке жіберу туралы өкім шығарған.

Гурбангулы Бердімұхамедов 2 наурызда үкімет жиынында Қазақстанда алда өтетін жоғары деңгейдегі кездесуге "бұған дейін жасалған келісім бойынша" Түркіменстан делегациясы жіберілетінін хабарлаған.

Саммит Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Астанада Наурыз мейрамын атап өту туралы бастамасы бойынша өткізілмек.

XS
SM
MD
LG