Accessibility links

Скрипальдің уланғанын Лондон полициясы тексермек


Ресей ГРУ-ының бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызы уланып түскен Солсбери қалалық ауруханасы. 6 наурыз 2018 жыл.
Ресей ГРУ-ының бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызы уланып түскен Солсбери қалалық ауруханасы. 6 наурыз 2018 жыл.

Ұлыбританияның полициясының терроризмге қарсы құрылымы Ресей Бас барлау басқармасының (ГРУ) бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызының улану оқиғасын тексермек.

Скотланд-Ярд терроризммен күрес бөлімі істің "мән-жайы өзгеше" болғандықтан тергеумен терроризммен күрес бөлімі айналысатынын жариялады. Әуелде тергеумек Уилтширдегі жергілікті полиция айналысқан. Бұдан бұрын Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Джонсон оқиғаға қатысы бар шетел үкіметі жазасыз қалмайтынын ескерткен.

66 жастағы Сергей Скрипаль мен қызы, 33 жастағы Юлия Скрипаль Солсбер ауруханасының интенсивті терапия бөлімінде жатыр. BBC-дің Скрипальдің туыстарына сілтеп хабарлауынша, Скрипаль отбасының кейбір мүшелері соңғы жылдары жұмбақ жағдайларда көз жұмған. Скрипальдің туыстарыBBC-дің Орыс қызметіне Ресей арнайы қызметі олардың ізіне кез-келген уақытта түсуі мүмкін деп санайтынын айтқан.

Times газетінің хабарлауынша, Сергей Скрипальдің ұлы, 44 жастағы Александр Скрипаль былтыр Ресейде белгісіз аурудан қайтыс болған. Ал Guardian газеті Скрипальдің әйелі 2012 жылы Ұлыбританияға барған соң ұзамай қатерлі ісіктен көз жұмғанын хабарлады. Times-тің жазуынша, Юлия 2010 жылы әкесі Ресеймен тыңшы алмастырылып, босатылғаннан бері Ұлыбританияда тұрған. Бірақ кейін Мәскеуге оралып, PepsiCo Russia компаниясында жұмыс істеген. Ол Ұлыбританияға өткен аптада әкесін көруге барған. 4 наурызда сауда орталығында олармен бірге тағы 10 адам уланған. Зардап шеккендердің бірі ауруханада жатыр.

Лондонның төтенше жағдайлар комитеті 7 наурызда Скрипальдің жағдайын талқыламақ.

5 наурызда Ұлыбританияның Солсбери қаласында Сергей Скрипальдің белгісуз заттан қатты уланып, ауруханаға түскені хабарланған. Британ басылымдарының жазуынша, Скрипаль мен қызы Юлия синтетикалық опиоидті фентанилмен уланған болуы мүмкін. Ресей билігі Скрипальдің улануына қатысты еш дерегі жоғын мәлімдеп, тергеуге болысуға ниетті екенін білдірді.

XS
SM
MD
LG