Accessibility links

АҚШ: Ресейге қарсы санкция бір апта ішінде салынады


Дэн Куэтс, АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры.
Дэн Куэтс, АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры.

Мәскеудің АҚШ-тағы президент сайлауына килігуіне байланысты Ресейге бір апта шегінде жаңа санкция салынбақ деп мәлімдеді АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры Дэн Куэтс.

Америкалық шенеуніктің мәліметінше, жаңа санкция сенаттағы қарулы күштер комитетінің мүшелері АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігін қаңтарда "Кремь есебі" тізімін жариялаған кезде санкция салмады деп сынаған соң салынатынын айтты.

"Қаржы министрі Стивен Мнучин санкцияларды апта ішінде жариялайды" деді Куэтс. Оның сөзінше, санкция АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер "АҚШ-қа қарсы астыртын сөз байласты" және "алаяқтық жасады" деп айыптаған Ресейдің 13 азаматы мен үш компаниясына қарсы салынбақ.

Дэн Куэтстің сөзінше, жаңа санкциялар Мюллер айыптаған адамдарға ғана емес, басқа ресейліктерге де салынуы мүмкін.

6 наурызда өкілдер палатасындағы комитетте сөйлеген Мнучин де жаңа санкциялар алдағы бірнеше апта ішінде жарияланатынын айтты. Мнучин санкцияны Ақ үй толық қолдап отырғанын жеткізді. "Президентпен сөйлескенімде ол біздің санкцияға қатысты жұмысымызды толық қолдады" деді қаржы министрі.

XS
SM
MD
LG