Accessibility links

Украина елшілігі: Собчактан Қырымға бару туралы өтініш түспеді


Ксения Собчак, Ресей президенттігіне кандидат.
Ксения Собчак, Ресей президенттігіне кандидат.

Мәскеудегі Украина елшілігіне Ресей президенттігіне кандидат Ксения Собчактан Қырымға бару жөнінде өтініш түспеген. Украиналық УНИАН агенттігі елшіліктің лауазымды шенеунігінен осындай ақпарат алғанын хабарлады.

Ксения Собчак осыдан біраз бұрын "Эхо Москвы" радиосының эфирінде түбекке баруға рұқсат сұрап, Украина елшілігіне хат жолдағанын айтқан. Ол эфирде "Қырымға тек Украина арқылы барамын" деген. Собчак Қырымда "әртүрлі адамдар тұратынын" айтып, "түбекте болып жатқан жағдайға разы емес Қырым татарларымен сөйлесуге" ниетті екенін жеткізген.

Собчак 2017 жылы қазанның 24-індегі сайлауалды баспасөз конференциясында "халықаралық құқық бойынша Қырым – Украина меншігіндегі аумақ" деп мәлімдеген. Ол сайлау кампаниясы негізінде Қырым мәртебесі жөнінде диалогқа баруға дайын екенін білдірген. Сонымен қатар "түбекте тұратын орыстардың дені аумақтың Ресейге қосылуын құптады" деген.

Ресей Қырымды 2014 жылы, түбекте өткен референдумнан соң аннексиялап алған. Мәскеудің дерегінше, Қырым тұрғындарының көпшілігі "Ресей құрамына кіруге ықылас білдірген". Халықаралық қауымдастық референдумды мойындаған жоқ. Украина мен Батыс елдері Мәскеудің түбекті аннексиялап алуын заңсыз деп есептеп, Ресейге экономикалық санциялар салған.

XS
SM
MD
LG