Accessibility links

Кремль: Путин, Ердоған және Роухани сәуірде кездеседі


Иран президенті Хассан Роухани, Ресей президенті Владимир Путин және Түркия президенті Режеп Ердоған. Сочи, 22 қараша 2017 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани, Ресей президенті Владимир Путин және Түркия президенті Режеп Ердоған. Сочи, 22 қараша 2017 жыл.

Кремль Ресей президенті Владимир Путин, Иран президенті Хассан Роухани және Түркия президенті Режеп Ердоған сәуірде кездесетінін растады. Кремльдің 7 наурызда таратқан хабарламасында президенттердің қай күні және қай жерде кездесетіні айтылмаған.

Ресей, Түркия және Иран Сирия мәселесі бойынша ынтымақтастық орнатқан, сондықтан кездесуде Сириядағы соғыс талқыланбақ.

Түркия сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хами Аксой 6 наурызда үш ел басшылары сәуірде кездесетінін хабарлаған. Бірақ ол саммит қайда болатынын айтпаған.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу 12-14 наурыз аралығында Мәскеуге, ал 19 наурызда Вашингтонға сапарлап бармақ. Хами Аксойдың сөзінше, Мевлют Чавушоглу сапарында АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездеспек.

XS
SM
MD
LG