Accessibility links

Саудияда тәжік кәсіпкер мен отбасы өлі табылды


Бахтиёр Додохоновтың Душанбедегі үйі
Бахтиёр Додохоновтың Душанбедегі үйі

Белгілі тәжікстандық кәсіпкер мен оның отбасы Сауд Арабиясының Мәдина қаласында өлі күйінде табылды. Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, қаза болғандар - кәсіпкер Бахтиёр Додохонов, оның әйелі мен 12 және 8 жастағы екі ұлы.

Кәсіпкердің әкесі, "Шарки озод" баспа кешенінің бұрынғы директоры, Манзурхон Додохоновтың Душанбедегі үйіне кешелі бері туыстары мен жақын адамдары келіп көңіл айтып жатыр. Бахтиёр Додохонов отбасындағы жалғыз ұл болған.

Туыстары қайғылы жағдайдың қалай болғанын білмейді, жол апатынан бастап, улау және өлтіру сияқты әртүрлі нұсқа айтады. Қазірге дейін Тәжікстан мен Сауд Арабиясының ресми мекемелерінен ешқандай хабар келмеген.

Бахтиёр Додохонов Тәжікстандағы беделді кәсіпкерлердің бірі болған.
Он күн бұрын ол отбасымен бірге умра қажылығын жасау үшін Мәдина қаласына жолға шыққан. Қажылық 21 күнге созылады деп жоспарланған. Олардың қолдарында кері қайтатын билеттері болған.

Манзурхон Додохонов ұлымен және немерелерімен соңғы рет 5 наурызда сөйлескенін айтты. Оның сөзінше, ұлы елге 6 наурыз күні Алматы арқылы қайтуды жоспарлап отырғанын, немерелерінің бірі атасына арнап сыйлық алып келе жатқанын айтқан. Манзур Додохоновтың сөзінше, қайғылы оқиға болған 6 наурыз күні баласымен хабарласу үшін 20 шақты рет қоңырау соққан. Бірақ ұлының телефоны өшірулі тұрған.

Бахтиёр Додохонов отбасымен бірге Душанбеге 6 наурыз күні таңғы сағат 11.30-да келуі керек болған. Күтіп алуға барған туыстары отбасы келмеген соң Душанбедегі Сауд Арабиясы елшілігіне хабарласқан. Елшілік қызметкерлері қайғылы оқиға жайында хабарлап, бірақ жай-жапсарын түсіндірмеген.

XS
SM
MD
LG