Accessibility links

Қазақстанда жолда қалған 250 адамға жәрдем көрсетілген


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Өткен тәулікте Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған 250 адамға көмек көрсетілді деп хабарлайды "Қазақпарат".

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің мәліметінше, Астана-Омбы бағыты бойынша жолда тұрып қалған Mercedes автобусындағы 63 адам (арасында 6 бала бар) Шучинск қаласына жылы орынға апарылған.

Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан жолдан шығып кеткен автобустан 27 адам құтқарылған. Теміртаудан 26 шақырым жерде сынып тұрып қалған автобустан 53 адам қауіпсіз жерге жеткізілген. Шығыс Қазақстан облысында жолда қалған Өскемен-Павлодар бағытындағы автобустан 44 адам жылы жерге жеткізілген.

Қостанай облысында Арқалық-Торғай тасжолында қарға батып қалған жеңіл көліктегі төрт адам құтқарылған. Ақтөбе облысында жолдан шығып қалған "Газель" маркалы автокөліктен төрт адамды эвакуациялаған.

Павлодар облысында жолдан шығып кеткен төрт автобустың екеуі жолға қайта шығарылған. Қалған автобустардағы жолаушыларды жылыту бекеттеріне жеткізген.

XS
SM
MD
LG