Accessibility links

Мәскеудегі пикетте депутат Слуцкийге қарсы тергеуді талап етті


Мемлекеттік дума ғимараты алдында депутат Леонид Слуцкийге қарсы өткен жалғыз адамдық акция. Мәскеу, 8 наурыз 2018 жыл

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы бүгін Мәскеудегі Ресей Мемлекеттік думасы ғимараты алдында бұған дейін бірнеше журналист әйел "қол жүгіртіп, көңілдес болуға емеурін жасады" деп шағым айтқан депутат Леонид Слуцкийге қатысты тергеу бастауды талап етіп жалғыз адамдық пикет ұйымдастырды. Бұл туралы Азаттықтың Орыс қызметі хабарлады.

Құқыққорғаушылар жыныстық харассмент оқиғаларын бүркемелеп, ұмыттыруға тырысуға жол бермейтіндерін және депутат Слуцкий мен оны жақтап, арыз айтқан әйелдерді келекеге айналдырған әріптестерін жауапқа тартуға шақыратындарын мәлімдеген.

Депутат Слуцкийдің "ерсі қылықтары" туралы "Дождь" телеарнасы продюсері Дарья Жук пен RTVI телеарнасы бас редакторының орынбасары Екатерина Котрикадзе мәлімдеген. ВВС журналисі Фарида Рустамова өзіне саясаткердің айтқан сөзін аудиотаспаға жазып алған. ВВС журналист пен депутаттың арасында болған диалогтың мәтінін жариялаған.

Ресей либерал-демократиялық партиясынан Мемлекеттік думаға сайланған депутат Леонид Слуцкий 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты Facebook парақшасында жазған құттықтауында "біліп-білмей жасап күйзеліс келтіргені" үшін әйелдерден кешірім сұрайтынын мәлімдеген.

"Сеніңіздер, қаскөйлік ниетпен жасаған жоқпын", - деп жазған Слуцкий.

Бұған дейін Слуцкий өз атына айтылған айыптауларды жоққа шығарып, "сандырақ" деп атаған болатын. Бірнеше әйелдің депутаттың үстінен прокуратураға шағымданғаны туралы хабарланған.

Мемлекеттік думаның отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі комитетінің жетекшісі Тамара Плетнева "Эхо Москвы" радиосына Слуцкийді айыптаған сөздерге сенбейтінін мәлімдеп, журналист қыз-келіншектерге "дұрыс киінуге" және "егер қорықса Думаға келмей-ақ қоюға" кеңес берген. Ал Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин әлгіндей журналистерге "басқа жұмыс қарауды" ұсынған.

Мәскеудің журналистер одағының басшысы Павел Гусев болған оқиғаны бірден жария етпей "кәсіпке қиянат қылды" деп журналист әйелдерді сөккен. Бұған дейін журналистер бұл ақпаратты жарияласа жұмыстарынан айрылып қаламыз деп қорқып келгендердін айтқан.

AzattyqTV

Янценоның соңғы тұрғыны
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:46 0:00
Cолтүстік Қазақстан

Янценоның соңғы тұрғыны

XS
SM
MD
LG