Accessibility links

Тегеранда жаулығын шешкен әйелді екі жылға соттады


Иранда орамалын шешіп наразылық танытып тұрған әйел
Иранда орамалын шешіп наразылық танытып тұрған әйел

Иран астанасында көшеде басындағы орамалын шешкені үшін әйелді екі жылға түрмеге қамауға үкім шыққан. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Жартылай ресми "Тасним" ақпарат агенттігі сәрсенбі күні прокурор Аббас Жафари Долатабадидің әлгі әйелді "қоғамдық орында хиджабын шешіп, жемқорлықты қолдауға әрекет еткен" деп айыптаған сөзін таратты. Агенттік ақпаратында аты-жөні көрсетілмеген әйелдің сот үкіміне келіспей шағым бермекші екені айтылған.

Кей басылымдар түрме жазасына кесілген әйел – жақында Иранда болған бейбіт наразылық акциялары кезінде хиджаб тағуға мәжбүрлеуге қарсылық танытқаны үшін тұтқындалған 32 жастағы Наргиз Хуссейни деп хабарлады. Бұрындары елде хиджаб тақпағаны үшін ұсталған әйелдерді көз ұзамай қоя беретін немесе аз ғана мерзімге қамайтын болмаса 25 доллар шамасында айыппұл салатын.

Бұған дейін биыл жыл басында Иран билігі елде әйелдерге міндетті саналатын хиджаб тағуға наразылық білдіріп басындағы орамалын шешкен 29 әйелдің ұсталғаны туралы хабарлаған. Полиция ол әйелдер "шетелде тұратын ирандықтардың үгіттеуімен адасқан" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG