Accessibility links

Бішкек пен Ошта феминист әйелдер шеруге шықты


Әйелдер құқығын қорғау акциясына қатысушылар. Бішкек, 8 наурыз 2018 жыл
Әйелдер құқығын қорғау акциясына қатысушылар. Бішкек, 8 наурыз 2018 жыл

Қырғызстандық феминистік қозғалыс белсенділері Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Бішкек пен Ош қалаларында жаяу шеру өткізді деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Акцияға қатысушылар әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық пен кемсітуді тоқтату, әйелдер құқығын қорғауды талап еткен жазулар ұстап шыққан. Олар қоғамның барлық саласында әйелдер мен ерлер тең жағдайда болсын, әйелдердің өз өмірлеріне қатысты шешім қабылдауына ешкім тосқауыл қоймасын деп мәлімдеген.

Бейбіт шеруге шыққандар сонымен бірге трансфобияға, гомофобияға қарсы тұруға және мүгедек жандарды кемсітуді доғаруға шақырған. Олар үндеу жазылған жазулар ұстап, қала көшелерімен жүріп өткен.

Бішкектегі акцияны өткізуге "Бішкек феминистік бастамалары" бірлестігі, "Нәзік қыз" және "Лабрис" қоғамдық ұйымдары мұрындық болған. Оштағы акцияны "Жан толкун" қоғамдық ұйымы өткізген.

XS
SM
MD
LG