Accessibility links

Еуроодақ Минскінің өлім жазасы үкімін орындауын сынады


Кирилл Казачок сот залында. Мазыр, 28 желтоқсан 2016 жыл
Кирилл Казачок сот залында. Мазыр, 28 желтоқсан 2016 жыл

Еуропа Одағы Беларусь билігін өлім жазасы туралы шыққан үкімді орындағаны үшін қатты сынға алды. 2016 жылғы желтоқсанда Беларусь соты кәмелетке толмаған екі баланы өлтіргені үшін айыпты деп таныған Кирилл Казачокқа өлім жазасын тағайындауға үкім еткен.

Казачоктың өзі сот үкіміне қарсы апелляциялық шағым бермеген. Беларустық "Весна" құқыққорғау орталығы мен Amnesty International халықаралық құқыққорғау ұйымы ел президенті Александр Лукашенкоға тұтқынға өлім жазасын қолданбауды сұрап өтініш білдірген.

Кирилл Казачокқа шығарылған сот үкімі 2017 жылғы қазанда орындалған, бірақ бұл туралы оның туыстарына тек биыл наурызда естірткен.

Еуропа Одағы сыртқы саяси мекемесінің өкілі Майя Косьянчич Минскіні өлім жазасын толық жоюдың алғашқы қадамы ретінде жазаның бұл түріне дереу мораторий енгізуге шақырған.

Беларусь – Еуропа өлім жазасы қолданылатын жалғыз мемлекет. Құқыққорғаушылардың дерегі бойынша, 1991 жылдан бері бұл елде өлім жазасына кесілген 400-ден аса адамға сот үкімі орындалған.

XS
SM
MD
LG