Accessibility links

Трамп болат пен алюминийге импорттық баж салығын бекітті


АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп елге сырттан әкелінетін болат пен аллюминийге баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Баж алымы мөлшері болатқа 25 пайыз, аллюминийге - 10 пайыз болып белгіленді, бірақ Канада мен Мексикадан әкелінетін өнімдерге баж салығы салынбайды.

Президент Трамп болат пен аллюминийге импорттық баж алымын енгізу ниеті жайлы наурыздың 1-і күні америкалық 15 ірі металлургиялық компания жетекшілерімен кездесуде мәлімдеген.

Еуропа Одағы Вашингтонның әлгіндей шешіміне жауап ретінде АҚШ-тан келетін кей өнімдерге баж салығын енгізетіні туралы мәлімдеген. Еуроодақ президенті Дональд Туск Трамптың шешімі АҚШ пен өзге елдер, соның ішінде Еуропа Одағы арасында да сауда дауына себеп болады деп айтқан.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG