Accessibility links

Өздігінен жүретін Tesla көліктері алғашқы жүкті жеткізді


Электр қуатымен өздігінен жүретін Tesla Semi жүк көлігі
Электр қуатымен өздігінен жүретін Tesla Semi жүк көлігі

Америкалық Tesla компаниясы жасап шығарған электр қуатымен өздігінен жүретін Tesla Semi жүк көліктері алғашқы сапарында жүкті белгіленген жерге ойдағыдай жеткізген. Бұл туралы осы компанияның негізін қалаушы Илон Маск Instargram-дағы парақшасында хабарлаған.

Автопилот басқаратын жүк көліктері Невада Tesla Gigafactory 1 кәсіпорнында жасалған аккумуляторларды Калифорниядағы Tesla зауытына апарған. Екі арадағы 425 шақырымға жуық қашықтықты көліктер шамамен төрт жарым сағатта жүріп өткен.

Компания Tesla Semi жүк көліктерінің сериялық өндірісін 2019 жылдан бастауды жоспарлап отыр, ал мұндай көліктерді тапсырыс берушілер 2020 жылдан бастап ала бастамақ.

XS
SM
MD
LG