Accessibility links

АҚШ-тағы турнирде Зарина Дияс Серена Уильямстан жеңілді


Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс
Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласындағы турнирдің бірінші айналымында америкалық Серена Уильямстан 7:5 және 6:3 есебімен ұтылды.

Зарина Дияс осымен Серена Уильямспен үшінші мәрте кездесіп, үшеуінде де жеңіліп қалды. Әйткенмен, осыған дейін 2015 жылы Уильямс кортта айқын басымдық танытып, Диясты 6:2 және 6:0 есебімен жеңген ойынмен салыстырғанда бұл жолғы кездесу шиеленісті өтті.

Босанған соң бір жылдан астам уақыт спорт алаңына шықпаған Серена Уильямстың бұл жеке сайыстағы алғашқы турнирі. Жарыс алдындағы сөзінде әлі толық қалпына келе қоймағанын, бірақ "ол маңызды емес" деп айтқан Уильямс "бар күшін салуға" уәде еткен.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс - Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингінде 53-орында тұр. 2015 жылы ол әлемдік рейтингте 31-орынға дейін көтерілген.

XS
SM
MD
LG