Accessibility links

Пхенчханда паралимпиада басталды


Қазақстан паралимпиада ашылу салтанатында. 9 наурыз 2018 жыл.
Қазақстан паралимпиада ашылу салтанатында. 9 наурыз 2018 жыл.

9 наурызда Пхенчханда (Оңтүстік Корея) қысқы паралимпиада ойындары басталды. Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан туын Қайрат Қанапин ұстап шықты.

Бұл жарысқа Қазақстаннан тоғыз спортшы қатысады. Олар биатлон және шаңғы спортынан медальға таласады.

Паралимпиаданың ашылу салтанатында Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея спортшылары жеке-жеке шықты. Солтүстік Корея паралимпиадаға алғаш рет қатысып жатыр. Халықаралық паралимпиада комитеті бұл елге екі лицензия берген. Грузия мен Тәжікстан да паралимпиадаға бірінші рет спортшы жіберді. Ресей спортшылары бейтарап атлет ретінде жүлдеге таласады. Бұл жарысқа барлығы 49 елден 560-тан астам спортшы қатысады.

1994 жылы Лиллехаммерде (Норвегия) өткен паралимпиадада қазақстандық Любовь Воробьева шаңғы жарысында қола алған. Одан кейінгі паралимпиадада Қазақстан спортшылары медаль иеленген жоқ.

Пхенчхандағы паралимпиада 18 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG