Accessibility links

Иорданның батыс жағалауында палестиналық оққа ұшты


Израиль әскерилері мен палестиналықтар арасында қақтығыс болған Рамалла маңында жүрген жасөспірім. 9 қаңтар 2018 жыл
Израиль әскерилері мен палестиналықтар арасында қақтығыс болған Рамалла маңында жүрген жасөспірім. 9 қаңтар 2018 жыл

Наурыздың 9-ы күні Иордан өзенінің батыс жағалауында палестиналықтармен болған қақтығыстар барысында Израиль әскерилері оқ атып, жергілікті палестиналық тұрғын қаза тапқан. Бұл туралы Палестина ұлттық әкімшілігінің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Израиль әскерилері өкілі оққа ұшқан палестиналық "өртегіш бомба лақтырмақ болып сес көрсеткен кезде, ескерту ретінде сарбаздардың оқ атқаны" туралы мәлімдеді деп хабарлайды Reuters.

Израиль мен Палестина автономиясы арасында АҚШ-тың арағайындығымен өтіп жатқан бейбіт келіссөздер 2014 жылы тоқтап қалған. Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің келіссөздерді қалпына келтіруге тырысқан талпынысынан нәтиже шықпады.

Өткен жылы желтоқсанда президент Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танитыны және АҚШ-тың Израильдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру ниеті барын мәлімдегеннен кейін Палестина территорияларында жаппай наразылық акциялары мен тәртіпсіздіктер басталған еді.

XS
SM
MD
LG