Accessibility links

Лондонда Иран елшілігі балконына шыққан төрт адам тұтқындалды


Иран елшілігінің балконына ту алып шығып, Тегеранның саясатына қарсылық білдірген адамдар. Лондон, 9 наурыз 2018 жыл
Иран елшілігінің балконына ту алып шығып, Тегеранның саясатына қарсылық білдірген адамдар. Лондон, 9 наурыз 2018 жыл

Ұлыбритания полициясы Иранның Лондондағы елшілігі ғимаратының балконына ту алып шығып, Иран үкіметінің саясатына қарсылық танытқан төрт ер адамды тұтқындады.

Лондон полициясының хабарлауынша, әлгі адамдар дипломатиялық өкілдікке зиян келтірген және заңсыз кірген деген күдікпен қамауға алынған.

Наурыздың 9-ы күні Иран елшілігінің балконына ту ұстап шығып, ішіне кіре алмаған төрт ер адам шамамен үш сағаттан кейін өз еріктерімен төменге түскен. Әлеуметтік желілерде тараған фотосуреттерде қара киімдегі төрт ер адамның елшілік балконында ақ жазуы бар көкшіл түсті туларды көтеріп ұстап тұрғаны бейнеленген.

Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Гасеми Лондондағы елшілікте болған оқиғаға байланысты Тегеранның британ үкіметіне наразылық білдіргені туралы мәлімдеді деп хабарлайды IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі.

XS
SM
MD
LG