Accessibility links

Малала экстремистік идеологияға қарсы күресуге шақырды


Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Малала Юсуфзай
Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Малала Юсуфзай

Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері пәкістандық Малала Юсуфзай әйелдерді кемсіту мен экстремистік идеологияға қарсы батыл іс-әрекеттерге шақырды.

"Адамдардың көпшілігі экстремизмге қарсы, экстремистерге ғана емес, олардың идеологиясына да қарсы тұрады және сонысынан қайтпайды деп сенемін", - деген ол наурыздың 9-ы күні көрсетілген сұхбатында.

"Өйткені біз әйелдер мен ерлердің теңдігіне тосқауыл болатын, әйелдердің білім алу құқығын мойындамайтын бүгінгі идеологияға қарсы күресуге тиіспіз", - деген 20 жастағы Малала америкалық тележүргіуші Дэвид Леттерманға.

2012 жылы пәкістандық қыздардың білім алу құқығын қорғағаны үшін Малалаға "Талибан" жасақтары қастандық жасағаннан кейін оның аты әлемге тарады. Өзіне жасалған шабуыл туралы Малала: "Біз олар баланы өлтіруге батпайтын шығар деп ойлағанбыз, бірақ олай болмай шықты" деген.

2014 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығына ие болған Малала Юсуфзай қазір Оксфорд университетінде білім алып жүр. Өткен жылы сәуірде ол БҰҰ-ның ең жас бейбітшілік елшісі атанған. Леттерманның Малаладан алған сұхбаты наурыздың 9-ы күні Netflix сервисінде жарияланды.

XS
SM
MD
LG