Accessibility links

Асад әскері көтерілісшілерге шабуылды жалғастырды


Қоршаудағы анклав тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек апара жатқан халықаралық Қызыл Крест ұйымы көліктері. Сирия, 9 наурыз 2018 жыл
Қоршаудағы анклав тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек апара жатқан халықаралық Қызыл Крест ұйымы көліктері. Сирия, 9 наурыз 2018 жыл

Сирияда президент Асадты қолдайтын күштер Дамаскінің маңында қоршауда ұстап отырған Шығыс Ғутада шабуылды жалғастырды. Соған қарамастан халықаралық Қызыл Крест ұйымы жіберген автокөлік колонналары қоршаудағы анклавта қалған мыңдаған мұқтаж адамға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге тырысып жатыр деп хабарлайды "Америка дауысы".

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хусейн Шығыс Ғутадағы әскери қимылдар кезіндегі соғыс қылмыстарын тәуелсіз тексеруге шақырған. Ол аурухана, мектеп, базар тәрізді нысандарды бомбалағаны жайлы деректерді тексеруді БҰҰ-ның Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотына беру керек деп мәлімдеген.

Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Шығыс Ғутадағы жағдайға "біржақты" баға бергені үшін Зейд Раад әл-Хусейнді сынаған. Башар Асад режимінің өкілі Дамаск маңындағы соғыс қимылдары үшін жауапкершілік "террорлық топтарға" (Асад төңірегі сириялық қарулы оппозиция топтарын осылай атайды) жүктеледі деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG