Accessibility links

БАҚ: Лондон "Скрипальді улауға" жауап шараларын кеңесіп жатыр


Бұрынғы ГРУ офицері Сергей Скрипальдің әйелі Людмила Скрипаль жерленген зиратта тексеру шараларын өткізіп жатқан полиция қызметкерлері. Солсбери, 10 наурыз 2018 жыл
Бұрынғы ГРУ офицері Сергей Скрипальдің әйелі Людмила Скрипаль жерленген зиратта тексеру шараларын өткізіп жатқан полиция қызметкерлері. Солсбери, 10 наурыз 2018 жыл

Ұлыбританияның ресми өкілдері елдегі Солсбери қаласында наурыздың 4-і күні сауда орталығы маңындағы орындықта ес-түссіз күйде жатқан жерінен табылған Ресей Бас барлау басқармасының (ГРУ) бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызының улануына Мәскеудің қатысы бар екені анықталған жағдайда қолданылуы ықтимал жауап шараларды үйлестіру мүмкіндігі туралы америкалық және еуропалық одақтастарымен кеңесулер өткізіп жатқаны туралы хабарланды.

Times басылымы наурыздың 10-ы күні жариялаған ақпаратында қарсы әрекет ретінде биыл Ресейде өтетін әлемдік футбол чемпионатына бойкот жариялау, НАТО ұйымының шығыстағы әскер санын ұлғайту тәрізді шаралар қарастырылуы мүмкін деп жазған.

"Кең ауқымдағы шаралар талқыланып жатыр", - деп хабарлаған британдық шенеунік басылымға.

Ресми тұлғалар ГРУ-дың бұрынғы полковнигі, батыс барлау органдарымен жұмыс істеген 66 жастағы Сергей Скрипаль мен 33 жастағы қызы Юлияның "жүйкені жансыздандыратын заттан" уланғаннан кейін Солсбери ауруханасында "тұрақты ауыр халде жатқаны" туралы хабарлаған.

Ресейдегі әлем чемпионатына бойкот жарияланған жағдайда бұл шешімді осы жарысқа жолдаманы ұтқан Польша, Австралия, Жапония тәрізді өзге елдер де қолдауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG