Accessibility links

Ходорковский 14 жылдан соң бірінші рет сайлауда дауыс берді


Михаил Ходорковский, ресейлік оппозициялық саясаткер.
Михаил Ходорковский, ресейлік оппозициялық саясаткер.

Ресей оппозициялық саясаткері, шетелде қуғында жүрген Михаил Ходорковский Facebook-те 2004 жылдан бері бірінші рет сайлауға қатысқанын хабарлады.

Ондаған елде 2018 жылы 18 наурызда өтетін Ресей президенті сайлауына алдын ала дауыс беріп жатыр. Ходорковскийдің сөзінше, ол сайлау учаскесіне жету үшін 700 километр қашықтықтан ұшып келген. "Мәскеуге хабарласқан соң маған бюллетень берді және мен азаматтық жауапкершілікпен "Путин#жалықтым" деп жаздым. Оны суретке түсіріп алып, әлеуметтік желіге салдым" деді "Открытая Россия" қоғамдық қозғалысының негізін салушы Михаил Ходорковский.

Ходорковский Ресей азаматтарында екі таңдау – я сайлауда дауыс беру, я баррикада құру таңдауы барын айтты. Оның пікірінше, екінші жолды таңдаған жағдайда зорлық-зомбылық болып, авторитаризм күш ала түседі.

Бұрынғы олигарх әрі 10 жыл түрмеде отырып шыққан Михаил Ходорковский 2013 жылы Мәскеудегідей "жалған сайлау кенеттен нағыз сайлауға айналып кететін сәтті" жіберіп алуға болмайтынын жазды.

XS
SM
MD
LG