Accessibility links

Қызылорда облысында мектепті су басты


Қызылорда облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Қызылорда облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Аранды ауылында №97 мектептің ауласын су басып, сабақ тоқтатылды деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оқиға орнына облыс кімінің орынбасары, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы барған. Олар жағдайды көріп, мектептің жай-күйін тексерген. Мектеп қабырғасы мен еденінің зақымданғаны анықталып, мектепте сабақ оқытуды тоқтату жөнінде шешім қабылданған.

Енді сарапшылар мектептің техникалық жай-күйін мұқият тексеріп, мектеп аумағын су басу себептерін анықтамақ.

Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, Аранды мектебіндегі мұғалімдер мен 98 оқушы 12 наурыздан бастап көрші Қожабақы ауылындағы мектепке ауысады. Қазалы аудандық әкімдігі оқушылар мен мұғалімдерді тасымалдауға көлік бөлген.

XS
SM
MD
LG