Accessibility links

ТЖД: СҚО-да ондаған ауылды "су басу" қаупі бар


Солтүстік Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Солтүстік Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) кем дегенде 127 елді мекенге "белгілі бір деңгейде су басу қаупі төнген" елді мекен ретінде тізімге алынған деп хабарлады Азаттыққа облыстық төтенше жағдай департаменті ТЖД).

Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл әсіресе жылда су алатын Есілдің жағасындағы Заречный кенті мен Кожзавод шағын аудандарындағы тұрғындарға қауіп басым. Мамандар қауіпті аймақтарға бөгет салынып, инертті материалдар, жанармай мен құм салынған қап дайындалғанын айтады. Қазір облыста су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп, техника дайындалған.

"Қазгидромет" республикалық мекемесі СҚО филиалы директорының орынбасары Наталья Левинаның айтуынша, қар наурыз айының соңына қарай жаппай ери бастайды. Синоптик мамандар Сергеев су қоймасының 92 пайызға толғанын анықтаған.

Былтыр көктемгі су тасқынында Есіл өзені 9 шақырымға жайылып, салдарынан 380 үйді су басқан. Ол үйлердің жартысынан астамы Петропавлдағы шағын аудандарда орналасқан. Қала іргесіндегі Заречный кентінде 40, Кожзавод шағын ауданында 115 үйді су алған еді. Кожзавод кентінде былтыр 3 шақырымнан асатын, биіктігі 5 метр бөгет салынған. Мамандар биылғы жылы болатын тасқын судан қауіп барын жоққа шығармайды.

Азаттықтың СҚО-дағы су тасқыны жайлы видеорепортажы (11 мамыр 2017 жыл)

XS
SM
MD
LG