Accessibility links

БАҚ: Ким Чен Ын АҚШ-пен бейбіт келісім жасасқысы келеді


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ-пен бейбіт келісім жасасып, дипломатиялық қарым-қатынас орнатқысы келеді деп хабарлады Оңтүстік Корея президенті әкімшілігіндегі дереккөзіне сілтеген оңтүстік кореялық Donga Ilbo газеті.

Дереккөзінің айтуынша, Солтүстік Корея басшысы мұндай ниетін Пхеньянда Оңтүстік Корея билігі делегациясымен кездесуінде мәлімдеген.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысының кездесуге шақыруын қабылдайтынын хабарлады. Бірақ ол Пхеньян ядролық бағдарламасынан анық бас тарту қадамдарын жасамайынша Трамп пен Ким Чен Ын кездеспейтінін ескертті. Трамп кездесу туралы ұсынысқа қатысты Twitter-де санкциялар ядролық қарудан бас тарту туралы келісім жасалмайынша жойылмайтынын айтты. Ол келісім ядролық қару сынауды уақытша тоқтату емес, одан мүлдем бас тарту туралы болуы тиіс екенін айтты.

Ал Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Пхеньянның АҚШ-пен ядролық қарудан бас тарту туралы ұсынысына қатысты "оптимист болуға тым ерте" екенін мәлімдеді.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның ықтимал кездесетін орны әзірге анықталған жоқ. Брірақ Ақ үй кездесуге қатысты кез-келген нұсқаны, оның ішінде президенттің Пхеньянға сапарлап баруын да қарастырып жатыр. "Известия" газеті де Оңтүстік Корея үкіметіндегі дереккөздеріне сілтеп кездесудің Пхеньянда өтуі мүмкін екенін хабарлады.

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG