Accessibility links

Австрия нацистік Германия аннексиясын еске алып жатыр


Александр Ван дер Беллен, Австрия президенті.
Александр Ван дер Беллен, Австрия президенті.

Австрия елді нацистік Германияның аннексиялап алғанына 80 жыл толғанын еске алып жатыр.

12 наурыз Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуының нышаны болған 1938 жылғы оқиғаларды еске алу күні ретінде атап өтіледі. 11 наурызда еске алу күніне орай сөйлеген Австрия президенті Александр Ван дер Беллен жастарды "неофашистік және әсіре оңшыл идеологиялармен әуестенбеуге" шақырды.

"Халық селбесіп бейбіт өмір сүру мен тұрақты саяси жағдайды өздігінен болып жатқан дүние деп қабылдамауы тиіс" деді Беллен. Ван дер Беллен мен канцлер Себастьян Курц Хельденплатц алаңында өтетін салтанатты шарада сөйлемек. Шараға австриялық суретші әрі азаматтық белсенді Андре Хеллер де қатысады.

Австрия Еуропадағы одақтастары арасында қауіп тудырған. Себебі әсіре оңшыл Еркіндік партиясы (FPOe) 31 жастағы канцлер Себастьян Курцтің кабинетіне енген. FPOe оңшыл ұлтшыл партиялардың ішіндегі ең ескісі және миграцияға қарсы партия саналады.

1938 жылы 12 наурызда Гитлердің "аншлюс" операциясы бойынша Германия армиясының бес дивизиясы Австрияға "екі неміс мемлекетін біріктіру" үшін кірген. Үш күннен соң Австрияға Гитлер барып, Вена тұрғындарына үндеу жолдаған.

1945 жылдан кейін Австрияны одақтас төрт ел оккупациялап алды. Олардың келісімі бойынша, Австрия нацистік басқыншылықтың "алғашқы құрбаны" болған. Оккупациялаған әскер Австрияда бұл ел толық егемендік алған 1955 жылға дейін болды.

XS
SM
MD
LG