Accessibility links

ЕО Ресейге қарсы санкциясын тағы ұзартты


Көрнекі сурет.

Еуропа Одағы (ЕО) ресейлік 150 азамат пен 38 компанияға қарсы санкциясын жарты жылға ұзартты. Бұл жайындағы хабарлама Еуропа кеңесінің ресми сайтында жарияланды.

Санкция Украинаның аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндіруге байланысты салынған. Брюссель "Ресейде қалыптасқан жағдай санкцияны өзгертуге мүмкіндік бермейді" деген пікірде.

Санкцияға ілінген ресейліктер мен компаниялардың активтері бұғатталып, ЕО-ға сапарлауына тыйым салынады.

ЕО мен АҚШ Кремльге қарсы санкциясын 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап, Донбастағы қақтығысқа киліккені үшін салған. Мәскеу Қырымды Ресейге қосып алғанын "тарихи әділеттілікті қайта орнату" деп атайды, бірақ Украинадағы соғысқа қатысы барын жоққа шығарады.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG