Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 7 жастағы баланы мектеп оқушылары ұрып, зорлағаны туралы дерек бойынша іс қозғалды деп хабарлайды Азаттыққа облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
"Сарыағаш ауданындағы кәмелетке толмаған 7 жастағы баланы мектеп оқушыларының ұрғаны және зорлағаны туралы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды" делінген хабарламада.
Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдарында Сарыағаш ауылының Абай ауылында 1-сынып оқушысын көрші мектептің жоғары сыныптарында оқитын бірнеше баланың "зорлағаны" туралы хабарланған еді.