Accessibility links

Ресей СІМ Тереза Мэйдің сөзін жоққа шығарды


Мария Захарова, Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) ресми өкілі Мария Захарова Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдің мәлімдемесіне жауап қатты деп хабарлады РИА "Новости".

"Бұл британ парламентіндегі цирк шоуы. Айтпаса да түсінікті: арандату мақсатында жасалған кезекті ақпараттық-саяси науқан" деді Захарова.

СІМ өкілінің мәлімдеуінше, Британияда бұған дейінгі Литвиненко, Березовский, Перепеличний және басқаларының істері қалай аяқталғаны айтылуы керек.

12 наурызда Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парламентте Ресей Бас барлау басқармасының (ГРУ) бұрынғы полковникі Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальді улауға "Ресейдің қатысы бар болуы мүмкін екенін" мәлімдеген. Мэйдің сөзінше, Скрипаль мен қызын жүйке талмасын тудыратын затпен улаған, әскери мақсатта қолданылатын бұл зат Ресей зертханасында дайындалған.

66 жастағы Сергей Скрипаль мен 33 жастағы қызы Юлия наурыздың 4-і күні Солсберидегі сауда орталығы маңындағы орындықта ес-түссіз күйде жатқан жерінен табылған. Ауруханаға жеткізілген екеуі содан бері ауыр халде жатыр дейді дәрігерлер. Әкелі-балалы Скрипальдар табылған жерде болған және соңынан олардың үйін көруге барған полиция сержанты Ник Бейли көп ұзамай денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскен. Кейін "сырқаттың беті бері қарады" деген ақпарат тарады.

Жаһан жаңалықтары: Сергей Скрипальді улау (09.03.2018)

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG