Accessibility links

Қырғызстанда "Йакын Инкар" діни ұйымының 9 "мүшесі" сотталды


"Йакын Инкар" діни ұйымының мүшесі деген күдіктілер (Көрнекі сурет).
"Йакын Инкар" діни ұйымының мүшесі деген күдіктілер (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Ош қалалық соты "Йакын Инкар" тыйым салынған діни ұйымының тоғыз "мүшесін" кінәлі деп танып, үш жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге соттады.

Ош облысы ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 2017 жылы маусымда "Йакын Инкар" ұйымына мүше деген күдікпен 16 адам ұсталған. Жеті адамға қатысты тергеу әлі жүріп жатыр.

"Йакын Инкар" - "Таблиги жамағат" діни қозғалысынан бөлініп шыққан ағым. Бұл ағымды ұстанушылар Мұхаммед пайғамдар заманындағыдай өмір сүруге тырысады. Ұзын шаш қойып, дәстүрлі араб киімін киеді. Техникалық жетістіктердің барлығынан бас тартады. Қырғызстанда бұл ұйымның қанша мүшесі бар екені белгісіз.

2017 жылы Бішкектің Октябрь аудандық соты "Йакын инкар" ұйымын экстремистік деп танып, Қырғызстан аумағында қызметіне тыйым салған.

"Таблиғи жамағат" ұйымына Қырғызстанда тыйым салынбағанымен, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейде тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG