Accessibility links

Санкт-Петербургте Навальныйдың жақтастары ұсталды


Алексей Навальный, Ресей оппозициялық саясаткері.

Санкт-Петербургте Ресей оппозициялық саясаткері Алексей Навальный штабының бес белсендісі ұсталды. Навальныйдың жақтастары қаланың әр жерінде ұсталып, № 76 полиция бөліміне жеткізілген.

ОВД-Инфо порталының мәліметінше, полицейлер белсенді Илья Гантварг, Екатерина Шлихтин, Виталий Черкасский, Виталий Карпов пен Егор Рябченконы ұстаған. Оларға көпшілік іс-шара өткізу тәртібін бұзғаны үшін хаттама толтырылған.

11 наурызда Весна демократиялық қозғалысының белсенділері,Навальный штабының еріктілері мен "Открытая Россия" қоры Санкт-Петербургте "Шынжыр үні" деп аталатын порформанс өткізген. Олар тұтқын киімін киіп, қол-аяғын шынжырлап, Невский даңғылы бойымен жүріп өткен. Акцияға қатысқандар Экстремизммен күрес орталығы жасаған "жиырма адамның тізіміндегі" президент сайлауы қарсаңында тұтқындалған белсенділерді және тізімге енген, ұсталуы мүмкін өзге белсенділерді бейнелеп шыққан.

Видео: Санкт-Петербургтегі акция (11.03.2018)

AzattyqTV

Мәскеуде адамдарды қағып өткен такси
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:20 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG