Сот-медициналық сараптама Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы "бірінші сынып оқушысын зорлау әрекеті" болғанын растамады деп хабарлады қазақстандық ақпарат агенттіктері мен шенеуніктер. Sputnik Казахстан агенттігі редакциға сараптама қорытындысы түскенін, ол бойынша Абай ауылындағы Сарыағаш аудандық ауруханасы "баланың денесінен сабаудан қалған із таппаған".
Қазақстан білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова журналистерге фактінің расталмағанын айтты. "Оңтүстік Қазақстан облысында сараптама жүргізілді, факт расталмады" деген Асылова.
Бұған дейін ОҚО-ның 62 жастағы тұрғыны өзі тәрбиелейтін, Абай ауылында бірінші сыныпта оқитын балаға "жыныстық зорлық жасалғанын" мәлімдеген еді.
Облыстық ішкі істер департаменті 12 наурызда Сарыағаш ауданында жеті жастағы баланы мектеп оқушыларының ұрып, зорлағаны туралы ақпаратқа қатысты Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен ("Кәмелетке толмаған балаға топ адамның бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық көрсетуі") қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлаған.