Accessibility links

Украина биатлон құрамасы Ресейдегі Әлем кубогына бойкот жариялады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Украина биатлон құрамасы Ресейдің Тюмень қаласында өтетін Әлем кубогына қатысудан бас тартты. Бұл туралы спорт және жастар министрі Игорь Жданов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ждановтың айтуынша, мемлекеттің спорт мәселелеріне араласуы ережеге қайшы болып отыр. Министрдің пікірінше, биатлоншылар "халықаралық заңдарды үнемі бұзатын елде" жарыспауы тиіс.

Мұның алдында Ресейдегі Әлем кубогы кезеңіне қатысудан АҚШ, Чехия және Канада құрамалары бас тартқан. Олар Ресейдің допингке қарсы жүйесіне сенімсіздік білдірген.

XS
SM
MD
LG