Accessibility links

Британдық физик ғалым Стивен Хокинг қайтыс болды


Стивен Хокинг, британдық ғалым.

Британдық физик ғалым Стивен Хокинг 76 жасында Кембриджде өз үйінде қайтыс болды. Бұл жайында Хокинг отбасының өкілдері 14 наурыз күні хабарлады.

"Бүгін сүйікті әкеміздің қайтыс болғанына қатты қайғырып отырмыз. Ол ұлы ғалым әрі керемет адам болды. Оның еңбектері мен мұралары бізбен бірге ұзақ жасайды" делінген Хокингтің балалары Люси, Роберт және Тим таратқан мәлімдемеде.

Стивен Хокинг – кванттық космологияның негізін салушылардың бірі, "Үлкен жарылыс" нәтижесінде әлемнің пайда болғаны туралы теорияны зерттеген, "Қара тесік" теориясын ашуда көп еңбектенген.

Физик "радиация салдарынан қара тесік жоғалып кетті" деген теория ойлап тапқан. Ол теория "Хокинг сәулеленуі" деп аталады. 1979 жылы ол академиялық саладағы ең мәртебелі лауазым – Кембридж университетінің Лукасовский профессоры деген атаққа ие болған. Оның 1988 жылы шыққан "Уақыттың қысқа тарихы" кітабы бестселлер болып, Хокингті әлемге танытқан.

1960-жылдардың басында Хокингте жанама амфиотрофикалық склероз ауруының белгілері байқалып, кейін сал ауруына ұшыраған. Ғалым дәрігерлердің болжамына қарамастан, бұл сырқатымен 50 жылдан астам уақыт өмір сүрді. Ғалымның тек бет бұлшық еттері ғана сау қалып, алдына датчик қойылған. Ол датчиктің көмегімен компьютерді басқарған.

AzattyqTV

AzatNews 25.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:17:09 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG