Accessibility links

Тиллерсон: Ресейдің оқшаулануы ешкімге пайда бермейді


Рекс Тиллерсон, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы.
Рекс Тиллерсон, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметінен кеткен Рекс Тиллерсон журналистермен және АҚШ сыртқы саясатына қатысты әріптестерімен соңғы кездесуінде қысқаша мәлімдеме жасады. Ол АҚШ саясатының негізгі халықаралық бағыттарын қысқаша баяндады.

Рекс Тиллерсон Қытаймен ынтымақтастық орнату қажетін, бұл әлемдегі ең қуатты екі державаның өз халқының болашағын жарқын ететінін айтты. Тиллерсон Ресей туралы да сөз қозғап, Мәскеудің қазіргі саясаты Ресейді бұдан ары оқшаулай береді деген пікір білдірді. Оның сөзінше, бұл саясат ешкімнің мүддесіне сай келмейді.

Рекс Тиллерсон соңғы сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамптың атын бір де бір рет атамады және журналистердің президент туралы сұрақтарына да жауап бермеді.

Президент Дональд Трамп 13 наурыз күні Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы қызметінен босатып, орнына ЦРУ-ды басқарған Майк Помпеоны тағайындаған. Трамп бұл шешімнің себебін түсіндірген жоқ. Өткен аптада Тиллерсон Африкаға сапарын орта жолдан үзіп Вашингтонға оралған.

XS
SM
MD
LG