Accessibility links

Өзбекстан ҰҚК Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі деп өзгертілді


Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметі қызметкерінің киіміндегі адам (Көрнекі сурет).
Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметі қызметкерінің киіміндегі адам (Көрнекі сурет).

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ұлттық қауіпсіздік қызметін (ҰҚК) реформалау жөнінде жарлық шығарып, бұл мекеменің атауын Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі деп өзгертті.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі негізінен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, республика мүддесін сыртқы және ішкі қауіптен қорғау, мемлекеттік шекарады қорғау және күзету, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыспен және коррупциямен, терроризммен күрес қызметін атқарады және осы бағыттарда жұмыс істейді.

Шавкат Мирзияев биыл жыл басында 23 жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарған генерал Рустам Иноятовты отставкаға жіберген. Оның орнына бұрынғы бас прокурор Ихтиер Абдуллаев тағайындалған.

Шавкат Мирзияев арнайы қызметтің жұмысын 1937 жылғы репрессияға теңеп, сынаған. Содан бері осы саланың жоғары лауазымды шенеуніктері өз еркімен қызметтерінен кетті не тергеу абақтысында отыр.

XS
SM
MD
LG