Accessibility links

Назарбаев: ОА басшыларының кездесуінде саяси мазмұн жоқ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Астана, 15 наурыз 2018 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Астана, 15 наурыз 2018 жыл.

Орталық Азия елдері басшыларының 15наурызда өтетін кездесуінде өзара қарым-қатынас, сауда-саттық, экономика, байланыс және транспорт мәселелері шешіледі деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесуінде.

Назарбаев Мирзияевпен кездесуде оның Қазақстанға алғаш сапарлап келгенінен бері бір жыл өткенін, осы уақыт аралығында көрші елдермен қарым-қатынас жолға қойылып,ондаған жылдан бері шешілмеген мәселелер шешімін тапқанын айтты.

Қазақстан президенті бұған қоса Орталық Азия (ОА) елдері басшыларының кездесуін өткізу идеясын Мирзияев ұсынғанын, бұл кездесуде өзге мақсат, саяси мазмұн жоғын айтты.

Өзбекстан президенті Назарбаевтың өз ұсынысын қолдағанын, оның интеграция сауда-экономикалық, гуманитарлық қатынастар тұрғысынан түзілуі тиіс деп үнемі айтып жүретінін айтты.

Шавкат Мирзияев Астанаға 15 наурыз күні Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының кездесуіне қатысуға келген.

XS
SM
MD
LG