Accessibility links

Назарбаев: ОА-дағы мәселелерді енді бірлесіп шешеміз


Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі. Астана, 15 наурыз 2018 жыл.
Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі. Астана, 15 наурыз 2018 жыл.

Астанада Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының кездесуі басталды. Кездесуге төрағалық етіп отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ішкі мәселелерімізді шешу үшін тұрақты түрде жұмысшы тобының кездесуін тұрақты түрде өткізіп тұру туралы ұсынысты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жасады. Енді біз барлық туындайтын мәселелерді бірлесіп шешеміз" деді.

"Біздің алғашқы кездесуіміздің Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің мәні бар. Оның үстіне бұған дейінгі кездесу тоғыз жыл бұрын болыпты. Содан бері кездеспеппіз, әрине байланыста болдық. Бірақ мұндай ортақ кездесу болған емес. Қазақстан қашан да барлық көршілерімен, әсіресе Орталық Азия елдерімен тығыз экономикалық байланыс орнатуға ұмтылып келді. Мұндай кездесулердің біздің халықтарымыз үшін пайдасы бар" деді Назарбаев.

Қазақстан президенті бұған қоса кездесуге қатысып отырған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековқа және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға аймақ мәселелерін шешуде жасаған қызметі үшін алғыс білдірді.

XS
SM
MD
LG