Accessibility links

Назарбаев: Аймақ басшыларының кездесуі Ресеймен байланысқа әсер етпейді


"Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі аймақ елдерінің Ресей және Қытай сияқты басқа үлкен елдермен қарым-қатынасына әсер етпейді" деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Астанада өтіп жатқан Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының кездесуінде сөйлеген Назарбаев 2017 жылы Қазақстанның Орталық аймақ елдерімен экспорт көлемі 35 пайызға өскенін, мұндай көрсеткішке "бұрын-соңды қол жетпегенін" айтты. Оның сөзінше, аймақ елдері шекараларында жаңа тексеру және өткізу бекеттері ашылып, транспорт қатынасы орнай бастаған, шекара әселелері біртіндеп реттеліп жатыр.

"Әрине, біз бұл жерде Орталық Азия және Қазақстанмен тұйықталып қаламыз демеймін. Біздің Қытай және Ресей сияқты үлкен көршілеріміз бар. Олармен берік байланыстамыз. Біз бұл іргелі көршілерімізбен, үлкен нарықпен белсенді ынтымақтастық орнатқанбыз және оны жалғастырғымыз келеді" деді Назараев.

Қазақстан президенті сөзінің соңында Ресейдегі алдағы президент сайлауының жақсы өткенін қалайтынын және Ресей президенті Владимир Путинге сәттілік тілейтінін айтты.

XS
SM
MD
LG