Accessibility links

Шымкентте газет редакторының соты басталды


Оңтүстік Қазақстан облысының картасы.

15 наурызда Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты республикалық қоғамдық-саяси "Темірқазық-ой" газетінің бас редакторы Анаркүл Сүлеева және онымен бірге ұсталған үш адамның ісін қарай бастады. Бұл туралы Азаттыққа аудандық соттың судьясы Ғани Байарыстан хабарлады.

Ғани Байарыстанның айтуынша, айыпталушы ретінде Әбдіраман Тұрмағанбетов, Бағила Қадырбаева, Хабидан Рахманбердиев және Анаркүл Сүлеева, ал жәбірленуші ретінде ауыл имамы танылған. Имам аты-жөнін жариялауға тыйым салған.

- Күдіктілер Қылмыстық кодекстің 147-баптың 5-бөлігі («Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу») , 125-баптың 2-бөлігі («Адам ұрлау»), 274-баптың 3-бөлігі («Көрінеу жалған ақпарат тарату»), 293-баптың 2-бөлігі («Бұзақылық»), 311-баппен («Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату») айыпты деп танылған, - дейді судья.

Судьяның айтуынша, "сот жабық өтіп жатқандықтан отырысқа тек айыпталушылар мен жәбірленуші, судья мен хатшы, прокурор және куәгерлерғана қатысады. Сот имам нақты қандай оқиғаға байланысты шағым түсіргенін ашық айтпады.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG